1. Жалпы ережелер
1.1 Осы Ережелер Aqtau International School (бұдан әрі – Мектеп) тарапынан білім алушыларға грант беру, оны ұзарту және оны жою шарттарын айқындайды.
1.2 Гранттар жыл сайын конкурс негізінде үздік оқушыларға беріледі.
1.3 Грант оқу және тамақтану (бекітілген күнделікті үш мезгіл тамақтану шығындарын) шығындарын өтейді және оқушы Мектепте оқуын аяқтағанға дейін жарамды.
1.4 Қажет болған жағдайда, Мектеп қосымша білім беру шығындарын өтеуін өз еркіне қалдырады.
1.5 Гранттар 8, 9 және 10-сынып оқушыларына беріледі.
1.6 Грант иегерлері жалпы білім алушылармен бірдей талаптармен оқуға қатысады.
1.7 Грант туралы шешім мектеп директорың бұйрығымен қабылданады.
2. Қабылдау және конкурс тәртібі
2.1. Әр оқу жылына мектеп директоры өз бұйрығымен қабылдау комиссиясының мүшелерін тағайындайды.
2.2. Қабылдау комиссиясы конкурс өткізу мерзімі мен тәртібін осы Ережелер мен Мектептің ішкі құжаттарына сәйкес белгілейді.
2.3. Конкурс екі кезеңнен тұрады:
● Тестілеу
● Сұхбаттасу
2.4. Пәндерді комиссия анықтайды.
2.5. Конкурс нәтижелері бойынша комиссия мектеп директорына грант алуға үміткерлердің тізімін ұсынады.
2.6. Грант мектеп директорының бұйрығымен тағайындалады.
3. Грантқа үміткерге қойылатын талаптар●
Соңғы оқу жылындағы орташа балл – кемінде 4.0/5.0.
● Академиялық және олимпиадалық жетістіктері болуы тиіс.
● Жоғары мотивация және мектеп құндылықтарына бейімділік.
4. Іріктеу кезеңдері 4.1 Бірінші кезең: Портфолио және өтініш
📅 13 маусым – тіркелу мерзімі
📄 Қажетті құжаттар:
● Электронды өтініш (Мектеп сайты арқылы).
● Соңғы табель (мектеп мөрімен расталған).
● Олимпиада және ғылыми жобалар дипломдары.
● Портфолио тек PDF форматында қабылданады.
🔍 Бағалау критерийлері:
● Академиялық үлгерім.
● Олимпиадалық жетістіктердің деңгейі.
● Құжаттардың сапасы және құрылымы.
4.2 Екінші кезең: Емтихан және сұхбат
📅 15 маусым – пәндік тестілеу
📅 17 маусым – сұхбаттасу
📅 20 маусым – қорытынды нәтижелер
📘 Емтихан пәндері:
● Математика
● Ағылшын тілі (грамматика, сөздік қоры, мәтінді түсіну)
📌 Әр пәннен 20 сұрақ.
🧑🏫 Сұрақтар мектеп мұғалімдерімен дайындалады.
● Үздік танылған оқушылар екінші кезеңге өтеді.
💬 Сұхбат:
● Комиссия мүшелері: директор, орынбасарлар.
● Тіл – қазақ немесе орыс (оқушының таңдауы бойынша).
● Ұзақтығы – 10–15 минут.
📊 Бағалау критерийлері:
● Мотивация: Оқушының өз болашағына, ғылымға және білімге деген қызығушылығы.
● Тілдік қабілет: Оқушы өз ойын нақты, сауатты жеткізе білуі тиіс.
● Логикалық ойлау және жалпы эрудиция: Оқушының сұрақтарға жауап беру стилі, сыни ойлау қабілеті бағаланады.
● Мектепке сәйкестігі: Оқушының мектеп құндылықтарына сай болуы, командалық жұмысқа бейімділігі.
5. Грант және Келісім шарт жасасу
5.1 Грант алған білім алушыны Мектепке қабылдау үшін оның заңды өкілдерімен (тапсырыс берушілермен) білім беру қызметін көрсету туралы келісім шарт (бұдан әрі – Шарт) жасалады.
5.2 Конкурс негізінде анықталған Грант иеленіші тұлға толық грант иесі атанады
Толық грант●
Толық грант – оқу ақысы 2 700 000 (екі миллион жеті жүз мың) теңге мөлшеріндегі төлемнің 100%-дық жеңілдікті қамтиды.
5.3 Шартқа сәйкес заңды өкілдер (тапсырыс берушілер) төмендегідей төлемдер жасайды:
● 8, 9, 10 сынып грант иегерлері Мектепте бекілтіген алғашқы кіру жарнасы 180 000 (жүз сексен мың) теңге орнына бір реттік 100 000 (жүз мың) теңге көлемінде төлем төлеуге міндетті. Бұл сома әкімшілік шығындар мен оқу процесін қолдауға бағытталады.
● барлық грант иегерлері жатақхана қызметін қолданатын болса бекітілген айлық 56 000 (елу алты мың) теңге орнына 50 000(елу мың) теңге төлеу жеңілдігіне ие болады.
5.4 Қосымша артықшылықтар● IELTS (7.0+) – емтихан ақысы төленеді.
● SAT (1400+) – қолдау көрсетіледі.
● Халықаралық жобалар мен конференциялар – әкімшілік шешімімен.
6. Грант иегерінің міндеттері● әр тоқсандық табелінде «2» немесе «3» болмауы тиіс.
● Жылдық орташа балл – кемінде 4.7.
● 9-сыныпқа өту үшін 8-сыныпта «Қазақстан Білім Олимпиадасы» финалында немесе облыстық жасөспірімдер олимпиадасында жүлделі орын алуы қажет;
● 10-сыныпқа өту үшін 9-сыныпта жоғарыда аталған олимпиадалардың бірінен жүлделі орын алуы қажет;
● 11-сыныпқа өту үшін 10-сыныпта республикалық олимпиадада қатысу қажет, IELTS халықаралық емтиханынан кемінде 7 балл жинауы тиіс;
● 11-сыныпта республикалық олимпиадада қатысу қажет;
● оқу жылы ішінде және каникул кезінде кемінде 730 сағат олимпиадаға дайындыққа қатысуы керек;
● жазғы демалыс уақытындағы дайындық лагерлеріне қатысуы қажет;
● мектептің тәртібін, этикалық нормаларын сақтау міндетті.
7. Грантты қайтарып алу негіздері
Грант келесі жағдайларда жойылады:
● Мектеппен жасалған Шартты мерзімінен бұрын бұзған жағдайда;
● Осы Қағидалар талаптарына сәйкес келмеген жағдайда;
● Мектептен Шарт немесе ішкі құжаттар негізінде шығарылған жағдайда;
● Грант иегері өз грантын басқа адамға бере алмайды
● Шартты келесі оқу жылына қайта жасамаған жағдайда (оқуды толық аяқтағандарды қоспағанда).
8. Қорытынды ережелер● Егер білім алушы осы талаптарға толық сай келмесе де, жыл бойы олимпиадаларға адал және белсенді дайындалғаны туралы мектеп мұғалімінің және әкімшілігі шешіміне қалдырылады жазбаша есебі негізінде мүмкін.
● Мектеп білім алушыларға олардың оқу үлгерімі мен олимпиадаға қатысу белсенділігі төмен болған жағдайда ескерту жасай алады.
● Грант талаптарына сай болуын бақылауға жауапты тұлға – жоғары сыныптар бойынша оқу ісінің меңгерушісі.
● Гранттан айыруға негіз болған жағдайда, оқу ісінің меңгерушісі директорға жазбаша есеп тапсырады.
● Грант жалпы орта білім беру бағдарламасы аяқталған соң өз күшін жояды.
● Гранттан айыру туралы шешім білім алушы мен оның заңды өкілдеріне телефон немесе электрондық пошта арқылы хабарланады.
● Егер білім алушы ағымдағы оқу жылында гранттан айырылса, келесі оқу жылында ол бұл грантқа үміткер бола алмайды.
● Егер білім алушы грант алса, басқа жеңілдіктерге үміткер бола алмайды. Гранттан айырылған жағдайда, білім беру қызметі туралы шартқа қол қойған тұлға шартқа сәйкес шығындарды өзі төлейді.
📝 Қосымша сұрақтар мен түсініктемелер үшін Admissions Office-ке хабарласыңыз.
Aqtau International School
📍 Ақтау қ.
📧 admissions@ais.edu.kz